Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде ҚР Президентінің Жарлығымен «Ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің биік мақсаттарын ілгерілетуге белсене қатысқаны үшін» бірқатар діни басшылар марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марапатты Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының жетекшісі Қасым-Жомарт Тоқаев табыс етті.

Атап айтқанда, ІІ дәрежелі «Достық» орденімен Дінаралық диалог жөніндегі Папа кеңесінің Ислам мәселелері бойынша жетекшісі Халид Акаше, «Құрмет» орденімен Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Ораз Серікбай Сатыбалдыұлы марапатталды. Сонымен қатар, «Шапағат» медалі Дінтану және дінаралық диалогты зерттеу институтының төрағасы Самир Шантилап Сомайя мен Армян Апостолының Украина-Пархес шіркеуінің басшысы Маркос Аганесянға, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх уль Ислам Аллахшукюр Пашаазадеге, «Дашичойлин» монастырының басшысы, Бүкіләлемдік буддистер қауымдастығының вице-президенті Хамба Лама Чойжилжавын Дамбажавқа, Орыс православ шіркеуінің дінаралық қатынастар бөлімінің хатшысы, дінаралық кеңестің атқарушы хатшысы Дмитрий Сафоновқа, Дүниежүзілік Лютеран федерациясының өкілі, Қазақстандағы Евангелия Лютеран шіркеуінің архиепископы Юрий Новгородовқа табысталды.

«Дінаралық диалогты нығайтуға қосқан аса көрнекті үлесі үшін» әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің «Құрмет» медалімен келесі адамдар марапатталды:

Ресей Федерациясы мұсылмандар рухани басқармасының, Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин;

Волоколам митрополиті, Мәскеу мен бүкіл Русь Патриархының викариі Митрополи́т Иларио́н;

Дүниежүзілік ислам мәзхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы Аятолла Мохсен Мохаммади Араки;

Англикан шіркеуі басшысының өкілі, Бедфорд епископы Ричард Аткинсон;

Қытай буддистері қауымдастығы халықаралық бөлімі басшысының орынбасары Ван Ли;

«Че Ге Чон» корей буддизмі орденінің Орталық Азиядағы тұрақты өкілі Ян Ги Хун;

Үнді мәдениет орталығының директоры Халадхания Ачария;

Халықаралық Ислам университеті, Ислам зерттеу институтының бас директоры Мухаммад Зия Ухад;

Заратуштра мәдени мұрасы бүкіләлемдік кеңесінің президенті Хоми Боржор Тхала;

«Діндер бейбітшілігі үшін» дүниежүзілік конференциясының бас хатшысы Уильям Вонгли.

 

Соңғы жаңалықтар