Астанада алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжамынша, Астанада алдағы үш тәулікте күн жылы болады. Көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ертең, 19 наурызда Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын жаумайды. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -12...-14°С, күндіз -0,...+2°с, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Сәрсенбі, 20 наурызда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде-11-13°С, күндіз + 1+3°С құрайды.

21 наурызда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік- шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады.Сынап бағанасы түнде -7...-9°С, күндіз +2...+4°С көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар