Астанада алаяқ бойжеткендер пәтер жалдайтындардың ақшасын иемденіп кеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полициясына жалға пәтер аламыз деп соңында баспанасыз және ақшасыз қалған азаматтар шағымданды, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі.

Астана полицейлері азаматтарды алдап кеткен 18 және 19 жастағы екі бойжеткенді ұстады. Қазір ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында белгілі болғандай, екі бойжеткен сайттарға қала орталығынан «тиімді бағаға жайлы пәтер жалға беретіні» туралы жарнама жариялаған. Алайда оған қосқан пәтердің суретін басқа жарнамалардан алған.

null Қыздар зардап шеккен азаматтармен кездескен сәтте өздерін «риэлтор немесе үйдің иесі» ретінде таныстырған. Артынан қолдары тимейтінін  айтып, пәтер жалдаушыларға баспананы өздері көре салуы үшін кілтін берген. Алайда айтылған мекенжайға барғандар сан соғып қалғанын кеш білген.
Тергеуде бойжеткендердің Астанада осындай алты қылмыс жасағаны анықталды. Зардап шеккен азаматтар 30 мыңнан 100 мың теңгесінен қағылған. 

Күдіктілер осыған ұқсас айламен басқа да адамдарды алдап кеткен болуы ықтимал. Сондықтан полиция мұндай жағдайға тап болған азаматтарды Алматы аудандық ІІБ-ге қарасты аудандық полиция бөліміне келіп шағым беруін немесе 8 (7172) 972-888, 972-889, 972-900, 972-901, 972-883 телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар