Астанада ақындар, әртістер қазақ күресінен күш сынайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Астанада творчество өкілдері қазақ күресінен күш сынасады, деп хабарлайды, ҚазАқпарат қалалық Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурыз мерекесіне орай 21 наурызда сағат 14;00-де Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде қазақ күресінен «Өнер барысы» республикалық турнирі өтеді. Жиырмаға жуық палуан чемпиондық белдікті сарапқа салады. Олардың ішінде боз кілемге 16-36 жас аралығындағы шығармашылық маман өкілдері, танымал артистер мен музыканттар шығады.

Әншілер, айтыскерлер, актерлер, КТА-ға қатысушылар ұлттық спорт түрінен шеберлік байқасады. Олардың қатарында Абай Аязбаев, Серік Ибрагимов, Мейіржан Төребаев, Амангелді Өтешов, Асылхан Төлепов, Артур Төлепов, Аян Өтепберген, Нұрлан Мұсаев, Еркебұлан Дайыров, Әлібек Серғалиев, Нұрболат Абдуллин, Ардак Байғабыл, Ғалым Махамбетов, Ақболат Өтебай, Сырымбет Бибосынов, Хамит Ердехан және басқалары бар.

Соңғы жаңалықтар