Астанада Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазанның 24-і күні Астанада Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өтеді.

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Хан шатыры» сауда-ойын-сауық орталығының алаңында өтетін жәрмеңкеге ақмолалық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 404,3 миллион теңгенің 968,5 тонна азық-түлігін әкелмекші. Жалпы жәрмеңке барысында ет, сүт, балық және ұн өнімдері тәрізді азық-түліктің 70 түрі саудаға шығарылады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Астана тұрғындары мен қонақтары үшін «Бауырсақ шоу» байқауы, спорттық жарыс және концерттік бағдарлама да ұсынылмақ.

Соңғы жаңалықтар