Астанада «Ақ жол» тұрғын кешенін салушы қамауға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Апта сайын елордалық әкімдікте тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырыстары болып өтеді, онда әрбір проблемалық нысан бойынша шешу алгоритмі шығарылған, деп хабарлайды Астана әкімінің баспасөз қызметінен.

Осылайша, отырыста Астана қалалық Ішкі істер департаменті бірқатар кәсіпорындар - «АСУА-2006», «РСР және К», «AdvancedTechnologyltd» ЖШС-нің басшысы, 1966 жылы дүниеге келген Манашов Ербол Білісбекұлын ұстағаны белгілі болды. Бұл адам алдау жолымен инвесторлардан Астана қаласындағы І.Есенберлин (Ақжайық көшесі, №15/2 үйдің ауданы) көшесінде орналасқан «Ақ жол» тұрғын кешенінің құрылысына ақша жинап, сеніп тапсырылған аса ірі көлемдегі ақшалай қаражатты жұмсаған. Аталған тұрғын кешені проблемалық болып табылады, қазіргі уақытта оның құрылысы тоқтап қалған.  

Бұдан басқа, Е.Б. Манашов қосалқы мердігер болып табылатын «СұлтанБ» ЖШС-нің алдында қарызы жоқ екені туралы жалған анықтама жасап, алдау жолымен жәбірленушілерге тұрғын бөлмелерін қайта сатқан, сол арқылы 45 696 000 теңге көлемінде шығын келтірді. Сарыарқа ауданының №2 соты Е.Манашовқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.

Астана қалалық ІІД құрылыс салушы Е.Манашовтың әрекеттерінен зардап шеккен адамдарды, сондай-ақ аталған іс үшін маңызды қандай да бір ақпараты бар азаматтарды 71-62-28, 71-60-10, 8-702-438-67-67 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Бұдан басқа, «Төленді» ТҚК-нің төрағасы, «Столичный-2» (Абай көшесі мен Сарыарқа даңғылының қиылысы), «Аниса» (Қорғалжын тас жолы) және «Көктал-2» (Тілендиев көшесі мен Ұлытау көшесінің қиылысы) көппәтерлі тұрғын кешендерінің салушысы болып табылатын және 2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін пәтерлерді екі рет сатып, сол арқылы бірінші сатып алушылардың құқықтарын бұзған 1991 жылғы Байжұманов Айдын Саятұлына қатысты қылмыстық іс тергелу үстінде.

Сот алдындағы тергеу амалдарының барысында жоғарыда аталған тұрғын кешендеріне құқық белгілеуші құжаттар, жарналар туралы келісімдер және «Төленді» ТҚК-нің мөрі алынды, сот сараптамалары тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Осыған байланысты азаматтардың  құрылыс салушысы «Төленді» ТҚК болып табылатын тұрғын кешендерінен пәтерлерді сатып алудан тартыну сұралып отыр. «№1 Сату орталығы» ЖШС-ға, Астана қаласында жылжымайтын мүлік бойынша басқа агенттіктер мен риэлторларға қылмыстық іс бойынша соңғы процессуалдық шешім шығарылғанша «Төленді» ТҚК-нің пәтерлерін сату бойынша консалтингтік қызметтерді көрсетуден тартынуға кеңес берілген.

Астана қалалық ІІД «Төленді» ТҚК салушысының әрекеттерінен зардап шеккен, сондай-ақ аталған іс үшін маңызды қандай да бір ақпараты бар азаматтарды 71-62-13, 71-60-10, 8-702-438-67-67 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды. 

Соңғы жаңалықтар