Астанада АИ-92 бензині қымбаттап жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада АИ-92 маркалы бензиннің құны өсіп барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған маркалы бензиннің ең арзанын қазір елордада «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю стансаларынан ғана табуға болады. АИ-92 бензині онда литріне 128 теңгеден сатылып жатыр. Алайда оны сатып алудың өзі мұң. «ҚазМұнайГаз» бекеттерінің басым бөлігі бензинді тек талон арқылы босатып жатыр.

«ҚазАқпарат» тілшісі аталмыш жағдайға байланысты «ҚМГ» компаниясына хабарласқан болатын. Ондағылар мұндай шаралар бензиннің тапшылығына орай қолға алынып жатқандығын мәлімдеді. Сондықтан АИ-92 бензині тек талон және ҚМГ-нің клуб карталары арқылы сатылуда. Оның үстіне бір көлікке тек 20 литрден ғана сатылуда. 

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясына хабарласқанымызда, бензиннің көлемін шектеу барын растады, алайда ол барлық бекеттерде емес екендігін хабарлады.

null 

Олар бензиннің жетіспеушілігін бағаның төмендігімен байланыстыруда, жүргізушілер қаладағы ең арзан бензинге кезекке тұрған. Соның салдарынан АИ-92 бензині жылдам таусылуда. Жанар-жағармай стансаларында кезекте тұрған көліктер көп, бензин тасымалдаушы көліктер бекеттерге жанар-жағармай жеткізіп үлгермеуде.

Еске сала кетейік, «ҚазМұнайГаз» стансаларында АИ-92 маркалы бензині соңғы рет 27 қазанда  - 125 теңгеден 128 теңгеге қымбаттаған болатын.

АИ-92 бензинінің бағалары бүгінде «Ойл» стансаларында көтерілген. Егер жақында ғана оның құны литріне 130 теңге болған болса, қазір оның бағасы литріне 135 теңгеге жеткен.

null 

Сонымен қатар жанар-жағармай құны «Номад Ойл» стансаларында көтерілді. Мұнда бензин құны 132 теңге деп көрсетілген.

Ең арзан бензиндердің бірі «Helios» жанар-жағармай стансаларында. 129 теңгелік АИ-92 бензиніне кезекке тұрғандар көп.

nullnull 

«Аурика» мен «Синойл» бензиндерінің құны өзгерген жоқ - литрі 131 теңге.

Айта кеткен жөн, 2015 жылдың қыркүйек айында Қазақстан АИ-92 и АИ-93 маркалы жанар-жағармай бағаларына мемлекеттік реттеуді алып тастады. Ал биыл 28 шілдеде дизель отынының құны да еркіндікке жіберілді. 

Соңғы жаңалықтар