Астанада «Әдебиет порталының» тұсауы кесілді

None
None
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында "Әдебиет порталы" Интернет-ресурсының тұсаукесер рәсімі өтті.

Портал ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазконтент» АҚ тарапынан әзірленген жоба.

Порталды таныстырған «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нартай Әшiмнің айтуынша, портал оқырмандардың бірегей коммуникациялық платформасына айналмақ. Ол төрт тілде: қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде қызмет етеді.

«Портал қолданушылардың қазақ және шетел авторларының шығармаларын талқылап, оларға рецензиялар мен пікірлер жазып, сонымен қатар өз туындыларын: сұхбат, видео, мақалалар, өлеңдер, қысқаша мазмұн, хат, иллюстрация және аудармаларын орналастыратын әдеби онлайн платформасы болып саналады», - деп атап өтті Н. Әшім.

Оның мәліметінше, қазіргі уақытта Порталда 1411-ден аса кітап, 1184 автордың жеке парақшасы, 87 аудиокітап, 82 жанр түрлері, 68 ақпараттық материалдар, 51 бейне материал бар. Сонымен қатар, мұнда 48 рецензия, «Жас авторлар мінбері» айдарында 27 автор орналастырылған.

Порталда Pdf және ePub арнайы ридер арқылы барлық кітаптарды жеңіл оқуға мүмкіндіктер жасалған. Ридер оқырманға мәтін тілін, шрифті, стилін және көлемін өзгертіп бере алады. Сондай-ақ, күндізгі, қарауытқан және түнгі режімдік оқу мүмкіндігі қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар