Астанада адам өміріне қастандық жасаған Әзербайжан азаматтары ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 24 маусымында Астана қалалық ішкі істер департаменті мен Қостанай облыстық ІІД қызметкерлерінің бірлескен жедел-іздеу шараларын өткізуі барысында Астанада ауыр қылмыс жасауда күдікті танылғандар ұсталды.

Ол Әзербайжан Республикасының азаматтары, 26 және 28 жастағы ағайынды Г. болып шықты, деп хабарлайды елордалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Ағымдағы жылдың 21 маусымында түнгі уақытта «Алматы» ауданының ІІБ-нің кезекшілік бөліміне ауруханаға Әзербайжан Республикасының тумасы болып табылатын 40 жастағы ер адамның оқ жарақатымен түскені туралы хабарлама келді.

18 маусымда жәбірленуші А. есімді азамат пен ұсталғандардың арасында жанжал болғаны анықталды. 21 маусым күні сағат 22:00 шамасында күдікті Г. жәбірленушіні үйінің қасында күтіп алып, оны екі рет атып, қылмыс орнынан қашып кеткен.

«ҚР ҚК-нің екі бабы - «бұзақылық» және «адам өміріне қастандық жасау» бойынша сот алдындағы өндіріс басталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматтар мойындау түсініктерін беріп отыр. Айғақ дәлелдер - травматикалық тапанша алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалған. Ұсталғандар Астана ІІД ауқытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар