Астанада «Әбу-Даби Плаза» тағы өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада салынып жатқан «Әбу-Даби Плаза» ғимаратында өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«17 сәуір күні 16:45-те «101» пультіне Сығанақ көшесі, 14/2 мекенжайында өрт тұтанғаны туралы хабар келді. Өрт сөндірушілер ғимараттың 38-40 қабаттарында тенттің өртенгенін анықтады», - деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жалын 40 шаршы метрді шарпыған. Оны өрт сөндірушілер барғанша құрылысшылар сөндіріп үлгерген. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, құрылысы 2010 жылы басталған «Әбу-Даби Плаза» кешені бұған дейін де бірнеше рет өртенген болатын.

null

2016 жылғы 13 ақпанда кешеннің 25-қабатында ағаштан жасалған қалыптар өртенді.

2016 жылғы 4 наурызда минус екінші қабаты өртке оранды.

Осы оқиғадан соң бір ай өтпестен, 1 сәуірде дәл сол минус екінші қабатта тағы жалын тұтанды.

Ал 2017 жылғы 14 қарашада тілсіз жау құрылысшылар жатақханасының ас үйін шарпыды.

Фото: ҚР ТЖК

Соңғы жаңалықтар