Астанада 9 автобустың бағыты уақытша өзгереді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «City Transportation Systems» ЖШС Астанада 9 автобустың бағыты уақытша өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қорғалжын тас жолы мен Ш.Айтматов көшелері қиылысындағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, №№ №№ 7, 17, 35, 36, 44, 45, 300, 305, 312 бағдарларының қозғалыс сызбасына өзгертулер енгізілді.

Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - деп жазды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар