Астанада 85 дзюдо секциясы ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда қалада 100-ден астам дзюдо секциясы жұмыс істейді. 2019 жылы тағы да 85 секция ашылғалы тұр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астанадағы дзюдо федерациясының президенті Данияр Есиннің айтуынша, спорттың осы түрінің дамуына Астанада 2018 жылдың 13-16 қарашасында өтетін дзюдодан Қазақстан чемпионаты өз септігін тигізбек.  

«Бұл біз үшін ерекше оқиға, себебі ерлер мен әйелдер арасындағы дзюдо бойынша елдегі чемпионат біздің қаламызда бірінші рет өткелі тұр.Астана спорттың  бұл түрін бірігіп дамытуға барынша дайын. Әсіресе, жастарды тарту маңызды. Бүгінгі таңда қалада 100-ден астам дзюдо секциясы жұмыс істейді. 2019 жылы тағы да 85 секция ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл жарыс біздің командаға үлкен серпін бермек. Сондай-ақ, жарыс қорытындысы бойынша бәсекелі, тиімді ұлттық құрама қалыптасатын болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар