Астанада 800 балаға тегін фильм көрсетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл мерекесі қарсаңында елордалық балаларға үш бірдей фильм тегін көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Асыл бала» қоғамдық қоры ұйымдастырған мерекелік тарту Астананың тұрмысы төмен отбасыларының балаларына, ерекше күтімді талап ететін және балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналды.

Балаларға А.Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» киноэпопеясы, Т.Бекмамбетовтың «Ёлки.Последние» және Disney-дің балаларға арналған «Шақылдауық және төрт патшалық» фильмі көрсетілді.

null 

«Мереке қарсаңында астаналық балаларға арнап осындай шара ұйымдастыруды жөн көрдік және мұндай шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта мұны жыл сайын өтетін дәстүрге айналдыруды және республикалық деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз. Бүгін Астанада басталған шара ертең Алматыда жалғасын табады», - деді «Асыл бала» қоғамдық қорының басшысы Зағипа Балиева.

null 

Оның айтуынша, балаларға жаңажылдық базарлықты ұйымдастыруға елордалық кәсіпкерлер қолдау білдірді және оларға тегін фильмнен бөлек тәтті сыйлықтар үлестіріледі.

«Бұл шараны өткізуді «Асыл бала» қоғамдық қоры ұсынып, біз қуана қолдадық. Мақсаты- балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Мерекеге  балалар ата-аналарымен де келіп жатыр.  Шараға елорданың әлеуметтік жағдайы нашар отбасынан 800 бала қатысты. Алдағы уақытта қоғамдық қормен бірлесіп атқаратын, балаларға арналған бірнеше жобаларымыз бар. Біз отбасылық, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шараларды өткізуге қолдау білдіруге әрқашан дайынбыз», - деді ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен.

null 

Соңғы жаңалықтар