Астанада 8-қабаттан ер адам құлап кетіп, ізінше әйел төменге секірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада көпқабатты тұрғын үйден әйел мен ер адам секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«21 маусым күні сағат 19.22-де қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 7 адам және 2 техника суицидке барғалы тұрған әйел туралы хабар бойынша Қабанбай батыр, 40 мекенжайына («Инфинити» тұрғын үй кешені) шықты.

Сегізінші қабаттағы терезеден әйел секіруге оқталып тұрғаны анықталды. Құтқарушылар дереу «өмір кубын» (ауа толы жастықша) дайындады. Себебі автосатыны ашуға тұрақтағы көлік кедергі жасады. Әйел құтқарушылардың әрекетін байқап, ауланың келесі бетіне ауысты және айтылып жатқан сөздерге мән бермеді», - деді Төтенше жағдай департаментінен.


34 жастағы келіншек төменге секірген. Ол құтқарушылар дайындаған ауа жастықшасына құлап, екпінмен жертөлеге кіреберісте орнатылған күнқағардың үстіне түскен.

Ол бірден жедел жәрдем көлігіне жатқызылды.

ТЖД-дан мәлім еткендей, келіншек туралы хабар түскенге дейін жоғары қабаттан ер адам құлаған.

«Бізге аталмыш хабар түскенге дейін жоғары қабаттан ер адам құлады (немесе секірді). Оны да жедел жәрдем көлігі алып кетіп, көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізді. Қазіргі уақытта келіншек пен ер адам 2-ші қалалық көпсалалы ауруханада жатыр. Ер адамның жағдайы ауыр. Әйелге медициналық тексеру жүргізілуде», - делінген ақпаратта.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, бүгін сағат 18.45-те полиция бөліміне Қабанбай батыр көшесіндегі үйдің 8-қабатынан ер адамның құлап кеткені туралы ақпарат түскен.

Оқиға бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен» қылмыстық іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар