Астанада 69 автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Астана қалалық ІІД 11-30 сәуір аралығында  «Борышкер-2018» жедел-профилактикалық іс-шара өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот орындаушылар мен полиция қызметкерлері бірлесіп өткізген шараның мақсаты әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу.

9 күні ішінде полицейлер, сот орындаушылармен бірлесіп, СМС,   ЕРЦ (бірыңғай төлем жасау орталығы - авт.) түбіртектері және «Қазпошта» АҚ арқылы  17 мыңнан астам әкімшілік айыппұлдары бар борышкер хабардар етіліп, 31 млн тенгеге жуық айыппұл өндіріліп алынды.

 69 автомашина мамандандырылған тұраққа қойылды.

Сонымен қатар, Әкімшілік полиция басқармасы айыппұлдарды келесідей әдістермен тексеруге және төлеуге болатыны туралы ескертеді.

«Egov.kz» электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режімде, екінші деңгейлі банк бөлімшелерінің есеп айырысу-кассаларында, сондай-ақ интернет-сайт арқылы qamqor.gov.kz, Kaspi.kz, egov.kz, HandyPay, MyPay homebank.kz мобильді қосымшаларда онлайн төлем жасауға болдаы. 

Соңғы жаңалықтар