Астанада 60 жұп 14 ақпанда некелесуге ниет білдірген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 60 жұп 14 ақпан күні некелесуге ниет білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Елордадағы АХАЖ органдарының мәліметтері бойынша, бүгін Сарыарқа ауданында 30 жұп неке қиятын болса, Алматы ауданында - 28, Есіл ауданында - 2.

Айта кетейік, Қазақстанда аталмыш мерекеге екіұдай пікір қалыптасқан. Әлеуметтік желілерде Әулие Валентин күнін "батыстан келген түсініксіз әулиенің мерекесі" деп атап, оны тойламауға шақыруда. Бұған қарсылық танытып отырғандардың қатарында мұсылмандар ғана емес, православтар да бар.

Елімізде Маxаббат күні ресми түрде 15 сәуір деп белгіленген және ол Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні деп аталады. Бұл мереке 2011 жылы пайда болды. Қазақ тілінде ол «Ұлттық ғашықтар күніне орай» деген атаумен тіркелген. Мерекенің атауы қазақ эпосының екі кейіпкері - Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың құрметіне орай аталды.

Айта кету керек, күні кеше Исламабадтың жоғарғы соты Әулие Валентин күні ислам мәдениетіне қайшы келеді деп, оны Пәкістан астанасында атап өтуге тыйым салды. 

Соңғы жаңалықтар