Астанада 6 жасар бала 9-қабаттан құлап кете жаздады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана ІІД жергілікті полиция қызметі жол-патруль полициясының инспекторы, полиция аға лейтенанты Азамат Балтабаев 9-қабаттағы пәтер терезесінің тақтайшасында жүрген 6 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«20 маусым күні 17:00 шамасында полицияға Қобыланды батыр көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің 9-қабатында кішкентай бала терезені ашып, тақтайшасында жүргені туралы хабар келді. Оқиға орнына аға полиция лейтенанты Азамат Балтабаев пен полиция сержанты Тимур Шындәулетовтен құралған «Ырғыз-91» экипажы жедел аттанды», - делінген хабарламада.

Азамат Балтабаевтың айтуынша, терезенің тақтайында отырған баланы үйге кіргізгенде, пәтерде осы екі сәби - 6 жасар ұл мен 8 жастағы қыздан басқа ешкім болмаған.

Балалардың ата-анасы жұмыста болған. Оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Еске сала кетейік, полицей Азамат Балтабаев былтыр 5 тамызда Франция азаматы Жорж Киеффермен бірге суға батып бара жатқан адамның да өмірін сақтап қалған болатын.

Басты сурет: KP.UA

Соңғы жаңалықтар