Астанада 6 мыңнан астам үлескер жаңа пәтерге қол жеткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы тұрғын үй құрылысы нысандарындағы кейбір мердігерлердің мәселелері, прокуратура, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдармен өзара бірлесіп Астана қаласы әкімдігінің жанындағы (әрі қарай ВАК) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесі бойынша ведомствоаралық комиссияның бақылауында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап. 

ВАК мүшелеріне нысан құрылысын аяқтауда мердігермен бірлесіп заң аясында әрекет жасауы қарастырылған және оның әрқайсысына кешенді іс-шара анықталған.

Егер мердігердің тарапынан ешқандай жұмыс жасалмаса, үлескерлерге құрылысты өздері аяқтау үшін тұрғын үй-құрылыс кооперативін құрып, нысанды кооперативке беру туралы сот ісін жүргізуге кеңес беріледі. ВАК жұмысының аясында Астана қаласы прокуратурасы 41 арыз-шағымды қанағаттандырды, зардап шегушілер құрылысты өздері аяқтау үшін тұрғын үй-құрылыс кооперативін құрды.

ВАК жұмысының аясында уақытында пайдалануға берілмеген және алған баспананы рәсімдеу мүмкін болмаған үйлерге қатысты көптеген арыз-шағымдар бойынша құрылыс нысандары аяқталды.  Оған, проблемалы мына нысандар кіреді: «Монблан» ТК, «Мирный» ТК, «Сарыарқа» ТК, Абылай хан даңғылындағы 4 мансардты этаж, «Уют 19» ТҚК ТК мердігері, Абай даңғылындағы ТК «Әлия Астана» ТҚК, «Мирас» ТК, Б.Момышұлы даңғылындағы «НИПИ Генплан» ЖШС мердігері ТК, Сембинов көшесіндегі «Жан Нұр» ТҚК мердігері ТК, «Түркістан» ТК, Сәтбаев 5/1 көшесіндегі тұрғын үй, «Изобилие» ТК,  «Айя» ТК, «Сан Сити» ТК, Тілендиев даңғылының оң жақтағы Сарыбұлақ бойындағы ТК, «Какаду» ТК, «Гармония» ТК, «Өмір» ТК, «Тұмар» ТК, «Айсанам» ТК және т.б.

ВАК-тың бірлесіп әрекет етуінің нәтижесінде жоғарыда көрсетілген нысандардың 380 мың шаршы метрі пайдалануға беріліп, 6 370 адам пәтерлі болды.

Үлестік құрылыста негізгі мәселе - рұқсатсыз үлескерлерден қаржы тарту, мердігерлердің өз міндетін орындамауы, қаржыны мақсатсыз пайдалану.

Алаяқтық фактілері мен заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан факті бойынша құрылыс компания басшыларына қатысты 31 қылмыстық іс қозғалды, нәтижесінде 37-ден аса компаниядағы лауазымды тұлғалар сотталды, арасында («Азбука жилья», «Төленді» ТҚК, «Әл Баракат» ЖШС, «ОралДизайнСтройСервис» ЖШС,  «Tamiz invest group»  АҚ және т.б. компанияның басшылары бар).   

Бұдан басқа, ВАК мүшелері прокуратурамен бірге үлестік тұрғын үй құрылысы саласында бұзушылықтың болмауын азаматтардың шағымдануына қарап мониторинг жасау арқылы алдын алуда. Баспана саламыз деген мердігерлер тиісті рұқсаты болмаса да үлескерлерден (БАҚ, интернет ресурс, баннер және қоршаулар арқылы) ақша жинаған фактілер бойынша құқық қорғау органдарына қылмыстық жауапкершілікке, сондай-ақ әкімдіктегі өкілетті органдарға да әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін хаттар жолданды.

Әлеуметтің наразылығын тудырмас үшін және үлескерлердің мәселесін шешу үшін ВАК әкімдікпен, ҚР Үкіметімен және орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясынла проблемалы нысандардың құрылысын аяқтау туралы ұсыныс тастады.

Қазіргі таңда ВАК  бағдарламаға қатысу үшін қарастырған 39 проблемалы нысанның алдын ала тізімі анықталып, astana.gov.kz Астана қаласы әкімдігінің сайтына жарияланды. Тізімге сәйкес, әрбір проблемалы нысан кесте бойынша жеке қаралады.

Жалпы, ВАК жұмысы проблемалы құрылысты аяқтау жөнінде және үлескерлерді баспанамен қамтуда айтарлықтай жемісті еңбектер атқаруда. Мысалы, ВАК жұмысының қолдауымен екі - «Араби-1» мен «Венский квартал» тұрғын үй кешендері пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, ВАК мүшелері Астана әкімдігімен бірлесіп үлескерлерді қолдап, жәрмеңке өткізді. Ондағы мақсат - проблемалы баспаналардың бітпей қалған құрылысын аяқтау үшін әлеуетті инвесторлар тартып, құрылыс нысанын қаржыландыру. 

Жәрмеңкеге құрылыс мекемелері мен шетелдік компаниялар да қатысты. Өткізілген жәрмеңкенің нәтижесі бойынша («Скай сити» ТК, «Байтау» ТК, «Алға самал» ТК т.б.) құрылыс нысандарын аяқтау туралы келісімге қол жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар