Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 10 °С
Алматы: 35 °С
USD 346.68 EUR 404.02
RUB 5.47 CNY 51.15
Жаңалықтар

Астанада 6-7 қазан күндері ММА-дан Әлем чемпионаты өтеді

2017 жылғы 6 қыркүйек 13:33 3104
Бөлісіңіз:
Астанада 6-7 қазан күндері ММА-дан Әлем чемпионаты өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6-7 қазан күндері Астанада дүниежүзілік ММА қауымдастығы (WMMAA) нұсқалары бойынша V Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі akylkenes.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған әлемдік шараға 30 елдің 100-ден астам спортшы қатысып, сегіз түрлі дәрежедегі әлем чемпионы титулына таласады.

Бұның алдындағы ММА әлем чемпионаты 2016 жылдың қараша айында Қытайдың Макао қаласында өткен болатын. Ол кезде турнирге 23 елдің спортшылары қатысты.

Осы жолғы турнирге арнайы шақырылған қонақтар қатарында: әлемдік аралас жекпе-жектің  аңызға айналған тұлғасы, дүниежүзілік ММА қауымдастығының құрметті президенті Федор Емельяненко; қазақстандық боксшы, 2012 жылдағы олимпиада чемпионы, ЮНЕСКО-ның спорт жөніндегі ерікті елшісі Серік Сәпиев; әйгілі ресейлік жаттықтырушы Абдулманап Нурмагомедов; қазақ боксшысы, олимпиада чемпионы  Данияр Елеусінов және тағы басқалар бар.  

 


Басты сөздер: Астана, Спорт,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Редактор
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
Мұрағат