Астанада 50-ден астам адам тіркелген 100-ге жуық үй анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық полицейлер арнайы шара барысында бір үйге 50 және одан да көп адам тіркелген 600-ге жуық үйді анықтады. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

Баспасөз мәліметіне қарағанда, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау және «Электрондық үй кітапшасын» құру мекенжай бойынша азаматтардың көп тіркелуін анықтауға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта республика бойынша бір үйде 50-ден бастап одан да көп адам тіркелген 586 мекенжай анықталған. Бұл ретте тек Астана қаласы бойынша көп адам тіркелген 100 мекенжай анықталды.

Ағымдағы жылғы 7 қарашадан бастап ІІМ «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде тұрғылықты жері, оның ішінде қонақүйлерде, хостелдерде, жатақханаларда, тұрғын үйлер мен пәтерлерде тіркеусіз тұрып жатқан адамдарды анықтау бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Полиция қызметкерлері тұрғын үй иелерін және ондағы тұрып жатқан адамдармен тұрғылықты жері бойынша тіркелу қажеттігі мәселесін түсіндіріп, дұрыс тіркелмеген жағдайда әкімшілік жауапқа тартылатыны туралы ескертуде.

Көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапкершілікке тартылады. Осылайша, бір айдың ішінде заңнама бұзған 16,4 мың адам анықталды. Оның 15,3 мыңы тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғандар және 1,1 мыңға жуығы үйінде тұрған адамдарды тіркеуден жалтарған тұрғын үй иелері.

Бұл ретте, бүгінгі күні әкімдіктер коммуналдық қызметтерге есептерді нақтылау үшін мекенжайда тіркелген адамдар санын ақпараттық жүйеде көре алады.

Сондай-ақ осындай мекенжайларды анықтау кезінде салық органдарымен тұрғын үйді жалға беру бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығының болуы тексеріледі.

Соңғы жаңалықтар