Астанада 5 жасар қызды зорлау фактісі тергеліп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қалалық Полиция департаменті елордада бес жасар қызды зорлау фактісі тіркелгенін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің мәліметінше, бұл оқиға наурыздың 7-інен 8-іне қарған түні болған. Осы күні қыздың анасы жұмысқа кетіп, ол әйелдің азаматтық некедегі күйеуімен үйде қалған. Кейін пәтерге қыздың өгей әкесінің танысы келіп, олар ішімдік ішкен. Артынша ол азамат 5 жасар қызды оңаша алып кетіп, зорлаған.

«Бұл факті бойынша 8 наурызда «Есіл» ауданының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Сараптама тағайындалды, оның нәтижесімен процессуалды шешім қабылданады», - деп мәлім етті ведомстводан.

Сонымен бірге құзырлы органнан ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеп-тексеру материалдары жария етілмейтінін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар