Астанада 460 бала өз этносының тілін оқып жүр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, елордада 10 этнолингвистикалық мектеп жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өз ана тілдерін, салт-дәстүрлерін оқытуға арналған 10 этнолингвистикалық мектеп (неміс, кәріс, татар-башқұрт, поляк, украин, шешен-ингуш, әзірбайжан, армян, казак, өзбек) жұмысын жалғастыруда. Онда 460 бала оқиды», - деді басқарма басшысы.

Сәкен Есіркептің айтуынша, былтыр қазақ тілі курсында 1500 тыңдаушы оқыған. Оның ішінде 10 мемлекеттік мекеме қызметкері, 187 медициналық маман, 85 білім беру маманы, 110 этномәдени бірлестік өкілі, 10 заң қорғау маманы, Астана қаласы әкімдігінің ведомстволық бағынысты мекемелердің 402 қызметкері, 696 ересек тұрғын мемлекеттік тіл оқыту курсына қатысқан.

«Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырып, сертификат алған.

«1492 тыңдаушының коммуникативтік тілдік құзіреттілік деңгейін растайтын сертификат тапсырылды. Сонымен қатар 8 тыңдаушыға анықтама берілді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар