Астанада 403 түлек «Алтын белгі» алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Алтын белгі» алған мектеп түлектерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл астанада 403 оқушы мектепті «Алтын белгіге» аяқтады. Одан бөлек, 367 түлек – үздік аттестат иегері. 2020/2021 оқуы жылында елордалық оқушылар республикалық, халықаралық олимпиадалар мен байқауларда 1400 медаль жеңіп алды. Елорданың құрама командасы осымен 14-інші жыл қатарынан жалпы командалық есепте 1-орынды және «Үздік олимпиадалық команда» атағын алып отыр.



«Әр түлек мақтауға лайық. Мектеп сіздерге болашақтарыңыз үшін азық болар білім берді. Өмірлеріңіздің жаңа кезеңіне сіздер білімнің мол қорымен аяқ басып отырсыздар.
Бұдан әрі алдарыңыздан талай асу шығады! Әлі алда көп оқып, жаңа машықтар мен білімді меңгерулеріңіз керек. Талай белесті де бағындырасыздар, бірақ жолыңызда кедергілер де кездесетін болады. Сондықтан ең бастысы – өздеріңізге және өз күшіңізге деген сенімді жоғалтпау. Ештеңе де оңайшылықпен келмейді, тек маңдай тер мен терең білімнің арқасында діттеген ойларыңызға жетіп, өз еліңіз бен қалаңыздың лайықты азаматтары бола аласыздар», - деді әкім өз құттықтауында.
Сондай-ақ А.Көлгінов мемлекет тарапынан жастардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасала беретінін атап өтті.




Соңғы жаңалықтар