Астанада 40 қылмыстық іс тараптардың тіл табысуына байланысты тоқтатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ішкі істер департаментінің тергеушілері мен анықтаушыларының «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс кездесуі барысында медиацияны сотқа дейінгі тергеу шараларына дейін кеңінен пайдалану мәселесі сөз болды. Өйткені өзара татуласу азаматтардың өздері үшін де пайдалы, құқық қорғану органдарының да жұмысын жеңілдетеді.

«Медиация соңғы уақытта Қазақстанда кеңінен қолданылуда. Осыған дейін Астана қалалық Ішкі істер департаменті мен «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ арасында қылмыстық процесстер барысындағы сотқа дейінгі медиацияны дамыту бағытында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын. Осылайша, жыл басынан бері медиация тәртібімен 40-қа жуық келісімдер жасалып, тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істер тоқтатылды»,-деді Астана қалалық ІІД-нің тергеу басқармасы бастығының орынбасары Талғат Темірболатов.

null Қазақстан аумағында бірқатар медиация орталықтары құрылған. Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары конфедерациясының мәліметтері бойынша, республикада «Келіссөздер процесін дамыту, бейбіт стратегиялар мен жанжалдарды шешу орталығы» жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар