Астанада 38 «жасырын» мемлекеттік қызмет анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 38 «жасырын» мемлекеттік қызмет анықталды.

Бұл туралы бүгін Астана қалалық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Тілеген Каскин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында департамент жергілікті атқарушы органдардың барлығының жемқорлық тәуекелдеріне сырттай сараптама жүргізді. Нәтижесінде жемқорлықтың 303 тәуекелі, оның ішінде 38 «жасырын» мемлекеттік қызмет анықталып, департамент мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 176 ұсыныс жіберді», - деді ол.

Мәселен, оның атап өтуінше, департаменттің ұсынысымен «Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы» ҚР Заңына өзгертулер енгізілді. Ол еліміздің барлық үлескер азаматтарының құқығын қорғауға септігін тигізіп, үлескерлік құрылысқа салынған қаржылай ақшаны жоғалту тәуекелін біршама төмендетті.

 «Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетулерге жүргізілген сараптама 7,3 миллионнан астам мемлекеттік қызметтің көрсетілгенін анықтады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға артық. Оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 1,3 млн, «электрондық үкімет» порталы арқылы 1,3 млн қызмет көрсетілген. Толықтай алғанда, мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауға іріктелген 7 тексеру жүргізіліп, 8804 факті бойынша 19 бұзушылық анықталды, 14 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды», - деді Каскин. 

Соңғы жаңалықтар