Астанада 3 қабатты ғимараттың шатыры өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 3 қабатты ғимараттың шатыры өртенді. Жалын 30 шаршы метр аймақты шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

«Сағат 20-57-де Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 36 мекенжайда орналасқан үш қабатты үйдің шатыры жанды. Алдын ала есеп бойынша жалын шарпыған аймақ шамамен 30 шаршы метрді құрап отыр. Өрт сағат 21-2-да ауыздықталып, 21-40-та толықтай сөндірілді», - деді Р.Иманқұлов.

Ол таратқан мәліметтер бойынша, оқиғаның салдарынан зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Сондай-ақ, өрт сөндірушілер «Алматы» іскерлер үйінде шыққан жалынды сөндіруге жіберілді. Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметтері бойынша, ғимаратта электр тоғының тұйықталуынан өрт шыққан. 

Соңғы жаңалықтар