Астанада 3 автобустың бағыты уақытша өзгереді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «City Transportation Systems» ЖШС Астанада 3 автобустың бағыты уақытша өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қорғалжын тас жолы мен Ш.Айтматов көшелері қиылысындағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, № 21, 32, 44 бағдарларының қозғалыс сызбасына өзгертулер енгізілді.

Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - деп жазды ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар