Астанада 3-6 жасар бүлдіршіндердің 90 пайызы балабақшаға барып жүр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары балабақша кезегі 37 мыңнан 18 мың адамға дейін қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

3-6 жасар балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту 2016 жылы - 70,6%, 2017 жылы - 78%-ды құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 90%-ға дейін өскен болатын. Елорданың білім басқармасы мәлімдегендей, қазіргі таңда қалада 377 балабақша жұмыс істеп тұр. Оның 96-сы - мемлекеттік, 232-сі - жеке меншік, 3-і - ведомстволық балабақшалар. Сонымен қатар, 46 шағын орталық бар.

Елорда балабақшаларына 50 мыңнан астам бала барады. Бұл ретте соңғы екі жыл ішінде балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуда ілгерілеу байқалады. Осы тұста жеке секторды тарту маңызды рөл атқарды: ол мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалардың жалпы санының 35%-ын жабады. 100% қамтуды қамтамасыз ету үшін (63 мыңнан астам бала) балабақшалар желісін кеңейту мақсатындағы жұмыстар жалғасады. Сондай-ақ, оларды тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарынан ашу жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы 480 орындық екі балабақша пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, 720 орындық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімшарты аясында екі балабақшаның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар