Астанада 29 сәуір күні жалпықалалық сенбілік өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жасыл Астана» бір айлық экологиялық акциясы аясында 29 сәуір күні жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада 8 сәуірден 6 мамырға дейін «Жасыл Астана» дәстүрлі экологиялық айлығы өтеді. Оның аясында коммуналдық және жалпықалалық бірнеше сенбілік ұйымдастырылады.

Еске салсақ, 8 сәуірде еңбек ұжымдары мен қала тұрғындарының күшімен полигонға 555,58 тонна қалдық шығарылды. Жалпы ауданы 2,5 млн шаршы метрден асатын саябақтар мен скверлер қоқыстан тазартылып, ағаш отырғызылды.

Екінші коммуналдық сенбілік 22 сәуір күні өтті. Оған 3 203 адам, 222 кәсіпорын мен ұйым қатысып, 587 арнайы техника жұмылдырылды. Полигонға 246,92 тонна қалдық шығарылды.

29 сәуірдегі сенбілік кезінде ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өз аумағында ағаш отырғызып, қоқыс жинайды, сондай-ақ су айдындарының маңын тазартады.

Ағаш отырғызу учаскелерін нақтылау үшін Астана қаласы аудандары әкімдерінің аппараттарына хабарласуға болады:
Алматы ауданы: Нұрқанат Мұрат, +7 701 741 87 77;
Байқоңыр ауданы: Нұрбол Айтбеков, +7 778 968 18 58;
Сарыарқа ауданы: Жансейіт Тынбаев, +7 747 868 81 11;
Есіл ауданы: Жасұлан Қырғызбаев, +7 701 628 46 86;
Нұра ауданы: Руслан Оралов, +7 777 079 04 24.


Соңғы жаңалықтар