Астанада 28-29 мамыр күндері жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер Астанада 28-29 мамыр күндері ауа райы бұзылуы мүмкін екенін ескертеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 27 мамыр күні көшпелі бұлт жүріп, таңертең және күндіз жауын жауады (қар, жаңбыр). Солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, күндіз +6...+8°С болады.

Ал 28 мамыр күні көшпелі бұлт жүріп, түнде және күндіз жауын жауады. Күндіз жаңбыр жауып, қатты жел тұрып, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 15-20 м/с болмақ. Ауа температурасы түнде +0...+2°С, күндіз +15...+17°С болады деп күтілуде.

29 мамыр күні көшпелі бұлт шығады. Аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 жылдамдықпен соғады, жел екпіні 15-20 м\с. Ауа температурасы түнде +6...+8°С, күндіз +15...+17°С болады.

Соңғы жаңалықтар