Астанада 250 мың адам тіркеусіз жүрген - көші-қон полициясы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада xалықты уақытша және тұрақты тіркеуге қою шараларының алдын ала қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Elorda Aqparat сайтына сілтеме жасап.

Қалалық көші-қон полициясы басқармасының бастығы Гүлвира Дөненбаеваның айтуынша, жыл басынан бері елордада 250 мың адам тіркеуге тұрды. Соның ішінде 100 мың адам тұрақты тіркеуге тұрса, 150 мың адам - уақытша. Енді, осы мәліметтердің негізінде жергілікті атқарушы органдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, мектеп пен балабақшаларды салу, жалпы қаланы дамыту жоспарларын түзете алады.

"Негізі, баспананың ауданына қарай әрбір адамды тіркеуге қою тетіктері заңмен бекітілгеннен кейін Астанада пәтерді жасырын жалға беру әрекеттері азаюы тиіс. Дегенмен, Президенттің тікелей тапсырмасы мен жергілікті биліктің қолға алып жатқан шараларына қарамастан, пәтерді заңсыз жалға беру мен тіркеуге қою бизнесі әлі де бәсеңдейтін емес", - дейді Дөненбаева.

Соңғы жаңалықтар