Астанада 24 адам зардап шеккен жол апатына кінәлі көлік жүргізушісі бір жылға бас бостандығынан айырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бағдарлы автобустың 24 жолаушысы зардап шеккен жол апатына кінәлі көлік жүргізушісі бір жыл бас бостандығын айыру жазасын алды.

Жол апаты өткен жылдың қараша айында қаланың Қабанбай батыр даңғылы мен Керей мен Жәнібек хандар көшесінің қиылысында орын алған болатын, деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Есіл аудандық сотының Мевлюд оғлы Расим Нуриевичті ҚР ҚК-нің 345 бабының 2 бөлімімен (абайсызда адам өміріне ауыр зиян келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көліктік құралдарды пайдаланушы тұлғалардың көліктік құралдарды пайдалану ережелерін бұзу) айыпты деп таныған қаулысы заңды күшіне еніп, оған 1 (бір) жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді», - делінген хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, 2014 жылдың 22 қарашасында сағат 17-нің кезінде «КамАЗ жүк көлігін басқарған Мевлюд оғлы Р.Н. Қабанбай батыр даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінің қиылысында бағдаршамның тыйым салатын белгісіне шығып, бағдарлық автобуспен соқтығысқан.

Соның салдарынан автобустың 24 жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алған.

Соңғы жаңалықтар