Астанада 21 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 21 жастағы Ақжан Мәделханға іздеу жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жігіттің анасының айтуынша, ол үйден 4 сәуір күні түс кезінде шығып кетіп, қайта оралмаған. Соңғы рет оны Сығанақ көшесіндегі «Пекин Палас» қонақүйінің маңында көрген. Жігіт сағат 18-19 шамасында «Еуроцентр» бизнес орталығынан үйіне қарай шыққан. Содан бері телефоны сөндірулі.

Үстінде қаракөк түсті күрте, олимпийка және трико, иығында сөмкесі (рюкзак) болған.

Туыстары полицияға хабарласқан. Көрген-білгендер болса, анасының 87012140097 нөміріне, полицияның 87782222348 нөміріне қоңырау шалыңыздар.

Соңғы жаңалықтар