Астанада 21 тамызда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарлауынша, 21 тамызда қатты жаңбыр жауады, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.  

Оқтын-оқтын найзағай жарқылдап,  дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Сондай-ақ департамент «табиғи сипаттағы төтенше жағдайында адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында, ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар мен ұйымдарының тұрақты және авариясыз жұмысын қамтамасыз ету бойынша, қалалық қызметтер, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің, департаменттер мен басқармалардың басшылары қажетті шараларды қабылдауы тиістігін» ескертеді.

Соңғы жаңалықтар