Астанада 2025 жылға дейін 20 жайлы мектеп салынады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2025 жылға дейін елордада 90 мың орындық жайлы мектеп тұрғызылады. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үшауысымды және бала саны шамадан тыс мектептер мәселесін шешу мақсатында биыл 22 752 орындық 11 мектеп пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде 2 мектеп 1 қыркүйекте пайдалануға берілді, қалған 9 мектеп осы оқу жылында қолданысқа беріледі. Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық, пилоттық жобасы аясында 2026 жылға дейін елорда мектептерінде орын тапшылығы мәселесін шешу міндеті тұр. Жалпы «Жайлы мектеп» жобасын іске асырудың үш тетігі бар. Алдымен бюджет қаражы есебінен, екінші мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы және дайын ғимараттарды сату алу. Елордада «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2025 жылға дейін 90 мың орындық 20 мектеп салу көзделіп отыр», - деді Қасымхан Сенғазиев қалалық мәслихаттың отырысында.

Басқарма басшысының айтуынша, жайлы мектептерді салу 2023 жылы басталады.

Бұған дейін мәслихат депутаты Астанада жайлы мектептердің дені сол жағалауда салынатындығы мәселесін көтерген еді.


Соңғы жаңалықтар