Астанада 2018 жылы қандай мекемелер жекешелендіріледі

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың соңына дейін Астанада бәсекелі ортаға 9 кәсіпорынды беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕлордаИнфо сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының активтерді басқару және мемлекеттік сатып алу басқармасы 2018 жылы елордада бәсекелі ортаға берілетін коммуналдық кәсіпорындардың тізімін жариялады.

Жыл соңына дейін жекешелендірілетін ұйымдардың тізімінде: «Астана Тазалық» ЖШС, «Астана авто шаруашылығы» ЖШС, «Астана-Зеленстрой» АҚ, «Астана бас жоспар» ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС, «Астана қаласының коммуналдық меншік қоры» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны, «№1 автобус парк» ЖШС, «Астана - арнайы қызмет көрсету бюросы», «Астана орманы» ЖШС, «Астана қалалық жарық» ЖШС-сы бар.

Айта кетейік, биылғы жылы Астанада «Шапағат» базары да жекешелендірілмек болды. Кейін бұл жұмыс 2020 жылға қалдырылды.

Соңғы жаңалықтар