Астанада 16 қыркүйекте кейбір көшелерде қозғалыс шектеледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 16 қыркүйек күнгі 21-00-ден 17 қыркүйек күнгі 21-00-ге дейін Есенберлин көшесінің Жеңіс даңғылынан Бейсеков көшесіне дейінгі аумағында көлік қозғалысына толық шектеу қойылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.  

Астана қаласының Ішкі істер департаментінің мəліметінше, асфальтбетон жабындысын салу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылады.

Сонымен қатар Сарайшық көшесі бойынша жөндеу жұмыстарына байланысты (көлік көпірі М-1) 18-28 қыркүйек  жол жартылай жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліске тап болмас үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар