Астанада 1300-ден астам азамат полицияға қоғамдық көмек көрсетеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана полициясының қоғамдық көмекшілеріне куәліктер мен жетондар табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның қоғамдық көмекшілеріне куәліктер мен жетондарды Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Дәурен Қазбеков табыстады.

«Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуда учаскелік инспекторлармен бірлесіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысатын полицияның қоғамдық көмекшілері пәрменді көмек көрсетеді», - деп атап өтті ол.

Бүгінгі таңда қоғамдық тәртіпті қорғауға 1 344 өкіл қатысады, оның ішінде құқық қорғау органдарының ардагерлері, консьерждер, күзет құрылымдарының қызметкерлері, жедел-жастар жасақтарының мүшелері бар.

Өткен жылы қоғамдық құрылымдар 3 057 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға үлес қосты. ІІО-ға 1 798 құқық бұзушы жеткізілді, 398 жедел ақпарат берілді.


Соңғы жаңалықтар