Астанада 13 жер учаскесін жалға беру құқығын сату бойынша екінші бәссауда өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімдігінде 2015 жылғы 22 шілдеде 13 жер учаскесін жалға беру құқығын сату бойынша екінші бәссауда өтті.

Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталған бәссауданың қорытындылары бойынша, жалпы сомасы 250,5 млн. теңге сомасына барлық 13 учаске сатылған, соның ішінде:

80,6 млн. теңге сомаға ЖТК үшін 2 учаске;

72,8 млн. теңгені құрайтын өндірістік базалар үшін 3 учаске;

43,4 млн. теңгеге шағын және орта бизнес нысандары үшін 4 учаске;

53,7 млн. теңге сомаға модульдік павильондар үшін 4 учаске сатылды.

Қазіргі уақытта қала әкімдігінің жер учаскелерін жалға беру құқығын ұсыну туралы тиісті қаулысы келісілуде және бұрыштама соғылуда.

Соңғы жаңалықтар