Астанада 1000 адамды жұмыспен қамтитын фулфилмент орталығы қолданысқа берілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев елордада «Ozon» фулфилмент орталығын ашу не үшін қажет болғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынымен де «Ozon» фулфилмент орталығы қолданысқа берілді. Бұл – 1000-нан астам жұрыс орнын түзетін ірі логистикалық кешен. Инвестицияның жалпы сомасы – 40 млн теңге. Аталған фулфилмент орталығы кәсіпкерлерге 9 млн түрлі тауарды сақтауға мүмкіндік береді», - деді ол баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ, ол аталмыш орталықтың қызметіне қоймасы жоқ дүкен иелері жүгіне алатынын айтты.

«Бұл әсіресе өзінің қоймасы жоқ, сондай-ақ арнайы қойма жалдауды тиімсіз деп есептейтін дүкендерге қолайлы. Яғни, фулфилмент орталығы логистика мәселесін шешу үшін құрылып отыр», - деді Мақсат Жаңабаев.


Соңғы жаңалықтар