Астанада 100 ұлттың музыканты концерт қояды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада «Бейбітшілік музыкасы» атты 100 ұлттың музыкантының басын қосқан концерт өткізу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының басшысы Санат Шапашов қалалық мәслихат отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Гиннестің рекордтар кітабымен келіссөз жүргіздік. Әлемдік діни көшбасшылардың съезінде дүние жүзінде алғаш рет 100 түрлі ұлттың музыканттарының басын қосқан ансамбль құрмақпыз. Гиннестің рекордтар кітабына үтімкер ретінде тіркеліп те қойдық», - деді Самат Шапашов.

Сондай-ақ, ол қаладағы Мемлекеттік академиялық филармонияның әртістері ғимаратқа сыймай жатқанын еске салды.

«Мемлекеттік академиялық филармонияға 7 айлық аренда шығындарына 220 млн теңге қажет. Адамдар сыймай жатқандықтан 7 айға қосалқы ғимарат жалдауға мәжбүрміз. Сондай-ақ, филармония әртістерінің репертуарын танымал платформаларға шығарғымыз келеді. Адамдарға Apple платформасында ұлттық оркестрлік музыканы есту мүмкіндігін бермекпіз. «Шексіз қала» дейтін жақсы жобамыз бар. Соның аясында 1 маусымнан бастап тамыздың соңына дейін әртістердің Үркер, Көктал, Өндіріс елді ықшам аудандарын аралап, ойын-сауық бағдарламасын, дәрістер мен шеберлік сағаттарын өткізуі жоспарланған. Медиа тұлғалармен кездесулер де өткізіледі. Яғни, жаз бойы шеткері аудандарда тұратын балалар осындай жолмен қосымша білім алады», - деді Санат Шапашов.

Мәслихат отырысында қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп шаһардың жаңа көшелеріне өлкедегі көне тарихи атауларды беру жоспарланып отырғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар