Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 375.90 EUR 423.56
RUB 5.55 CNY 54.06
Jańalyqtar

Астанада 10 қабаттан құлауға шақ қалған балаларды «Газель» жүргізушісі құтқарған

2018 жылғы 12 шілде 20:55 745
Бөлісіңіз:
Астанада 10 қабаттан құлауға шақ қалған балаларды «Газель» жүргізушісі құтқарған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 3 шілде күні Қосшығұлұлы, 10 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің 10 қабатынан екі бала құлап кете жаздады. Дүйім жұрттың көзінше болған оқиғаны ҚазАқпарат тілшісіне куәгер жайып салды.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда ер адам алтыншы қабаттан құлап кетті Оралда әйелді қағып өлтірген жүргізушінің үстінен іс қозғалды

«Оқиғаға куә болған барлығымыз қатты қорықтық. Қазір есіме алсам, жүрегім жарылып кете жаздайды. Терезенің алдындағы тақтайшада тұрған балаларды жолдың бойымен өтіп бара жатқан «Газельдің» жүргізушісі байқап, бірден дабыл қаға бастады», - деді куәгер қыз.

Ол есімін атамауды өтінді.

Қыздың айтуынша, балалардың жастары шамамен - 4-5-те. Шалқасынан ашық жатқан терезенің алдындағы тақтайшада ойнап жүрген. Төменде тұрған адамдар сәбилердің бірі екіншісін арттан итеріп жібереді деп қорыққан.

«Барлығымыз даусымызды барынша қатты шығарып, олардан терезеден түсіп, үйге кірулерін өтіндік. Қатты айғайлағаным соншалық, әлі күнге даусымды қалпына келтіре алмай жүрмін. Алайда, балалар біздің шу шығарғанымызға одан сайын қызығып, төменге қарай берді», - деп куәгер қыз оқиға орнына құтқарушылар келгенге дейінгі жағдайды еске алады.

Сондай-ақ, куәгер кез келген баланың терезеден құлауына себеп болатын биік қабатты үйлердегі ақауларды атады.

«Бұл жерлерде адамдардың басым көпшілігі пәтер жалдап тұрады. Ал жалға берушілер терезелерге тор орнатуды ойламайды, себебі ол да - шығын», - деді оқиға куәгері.

Еске салайық, қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 10 қабаттың терезесінің алдындағы тақтайшада ойнап жүрген екі баланы құтқарып, аман алып қалған болатын. Құтқарушылар келгенге дейін көршілер балаларды қолда бар құралдар арқылы ұстап тұрған.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Астана, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT