Астанада 10 айда 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қаңтар-қазан айларының аралығында 9604 адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына сілтеме жасап.

Ведомстваның мәліметінше, жыл басынан жұмыс іздеп жүрген 19904 азамат хабарласқан. Олардың 10250-і жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылып, 9604-і жұмысқа орналастырылды. «Тұрақты жұмыспен - 6340, уақытша жұмыспен - 580, қоғамдық жұмыстармен - 1767, әлеуметтік жұмыс орындарымен - 181 адам қамтылды.

Сондай-ақ, 732 адам жастар тәжірибесі бойынша тағылымдамадан өтсе, 646 адам қысқа мерзімді кәсіптік курстарда білім алып жатыр», - делінген хабарламада. Айта кетейік, 2018 жылдың басынан Астанада жаңадан 20 577 жұмыс орны ашылған.

Соңғы жаңалықтар