Астана жастары жұмысқа орналасу жөнінде ақыл-кеңес ала алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» мекемесі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама жол картасын» жүзеге асыру аясында жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен жастарға консультациялық көмек көрсету бойынша іс-шара ұйымдастырады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, ҚазАқпарат хабарлайды.   

Іс-шара «Азия Парк» сауда орталығында жұмыскерлер мен сауда орталығының келушілері үшін өткізіледі. Әрбір азамат көкейіндегі сұрағын қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы», Жұмыспен қамту орталығы, Медиацияны дамыту орталығы және тағы басқа мекеме өкілдеріне қоя алады. Сонымен қатар, кәсіби заңгер мен психолог маман консультация жүргізеді.

«Іс-шараны өткізудегі мақсат - жастарды қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жастарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және қала тұрғындарына жеке сұрақтар бойынша ақыл-кеңес беру» делінген хабарламада.

Айта кетейік, консультация ертең сағат 15:00-де «Азия Парк» сауда және ойын-сауық орталығында өтеді. 

Соңғы жаңалықтар