Астана жастары қала көшелерін тазалауға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Путепровод 2 көпірі учаскесінде «Астана жастары» волонтерлары күшімен және Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы және «Сарыарқа» мен «Байқоңыр» ауданы әкімі аппараты өкілдерінің қатысуымен, «Астана-таза қала» жобасы аясында сенбілік өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Акция барысында, барлығы 50 шақты адам қатысып, 20 қап әр-түрлі қоқыс жиналды. Бұл акция табиғи ландшафттың бейнесін сақтау және қалалық ортаны дамыту үшін қала тұрғындарының санасы мен экологиялық естілігіне бағытталған.

Астана қаласының жастары елорда тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаға құрметпен қарап, тазалық сақтауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар