«Астана» жанкүйерлері автомобиль ұтып алу мүмкіндігін алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қарашада «Астана» және «Бенефик» (Лиссабон, Португалия) футбол клубтарының арасында УЕФА Чемпиондар лигасының топтық жарысының матчы өтеді.

Матчтың ұйымдастырушысы - «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы жанкүйерлерге клубқа қызығушылық танытып, қолдау көрсеткені үшін үлкен ризашылығын білдірмек. Яғни, стадионға келген футбол жанкүйерлері бірден бірнеше бағалы сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігін алады. Олардың арасында: Sony PlayStation ойын приставкалары, 8 желтоқсанда Ыстамбұлда өтетін «Галатасарай»-«Астана» матчына жолдамалар, Чемпиондар Лигасының финалына билеттер және бас жүлде - автомобиль бар.

Жүлделерді ойнату матч аяқталған соң өтеді. Оған қатысу үшін стадионның кіреберісінде лотерея барабанына билеттің жыртылмалы бөлігін жіберу керек. Ойнатылатын жүлделердің иелері матчтан кейін белгілі болады.

Бұл - 25 қарашада стадионға келіп, Чемпиондар Лигасының матчына қатысу, сүйікті командаға қолдау көрсету үшін тамаша ынталандыру!

Соңғы жаңалықтар