Астана және Қазақстан митрополиті Александр Көкшетауда жаңадан салынатын шіркеудің орнын аластады (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасындағы Орыс православ шіркеуінің Митрополит округінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Көкшетауға келді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Митрополит Александр Көкшетау қаласында салынатын болашақ жексенбілік кафедралық собордың орнын крестпен аластау рәсімі­н өткізу үшін келген. Мәртебелі мейман алдымен Көкшетау қаласының Архистратиг Михаил шіркеуінде салтанатты литургия өткізді, одан соң христиан әлемі үшін әулие болып саналатын Владимир Святославич (960 жыл) князының қайтыс болуына 1000 жыл толуына орай орыс пра­вослав шіркеуі ғимаратындағы мемориалдық­ тақтаның ашылу салтанатына қатысты. Әрі қарай митрополит Александр бастаған құрметті қонақтарды Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин қабылдады. Кездесуде өңір басшысы Қазақстан Респуб­ликасы Президенті саясатының арқасында елімізде бейбітшілік, толеранттылық, конф­ессияаралық және ұлтаралық келісім орнап отырғанын ерекше атап өтті. «Тәуелсіздік алғалы бері, республиканың­ өзге өңірлеріндегі сияқты біздің облыст­а да дәстүрлі діндер жанданып, халық сен­імге, өздерінің рухани бастауларына бойұсына бастады. Мұның бәрі біздің мемлекетіміздің діни саясатының нәтижесі. Бұл т­ұрақтылықтың негізгі факторы екі дәстүрлі дін - мұсылман және православ діндерін­ің ұстанымдары мен белсенді рөлін ерекше атап өтуге болады. Біз облыстағы өзге конфессиялармен бірге Орыс Православ Шіркеуінің де жұмысын жоғары бағалаймыз, өйткені олар біздің тұрғындарымыздың рухани денсаулығын нығайтуға, патриоттарды тәрбиелеуге, азаматтық бейбітшілікті нығайтуға орасан үлес қос­ып отыр», деді облыс әкімі. Одан әрі меймандар Көкшетау қаласындағы жексенбілік кафедралдық собордың салына­тын орынға барып көрді. Онда митрополит Александр болашақ шіркеу салынатын жерді крестпен аластау рәсімін өткізді. Сондай-ақ, осы күні Көкшетау қаласының православтықтары үшін қалалық орыс драма театрында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Онда келушілер үшін князь Владимирдің өмірі туралы тың деректі фильм мен Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған спектакль қойылымы көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар