Астана және Қарағанды облысының әкімдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Елорданың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Қарағандыда «Астана қаласы мен Қарағанды облысының аймақаралық серіктестігі» атты бизнес-форум өтті. Форумның соңында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форумда аймақаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қонақтарды келе жатқан Астана күнімен құттықтады.

«Астананың құрылысына Қарағанды облысы белсене қатысты. Біздің көптеген жерлестеріміз елордада жұмыс істеп жатыр. Жалпы, Астана мен Қарағанды облысының өзара серіктестігі табысты жүріп жатыр. Өздеріңізге мәлім, Қарағанды облысының орналасқан жері мен инфрақұрылымы қолайлы. Биыл Астана-Қарағанды автобанының құрылысы аяқталады, бұл біздің қалаларымызды одан әрі жақындата түспек», - деп атап өтті өңір басшысы.
null

Ол бизнестегі екіжақты байланыстарды да тілге тиек етті. Қарағанды облысы Астанаға азық-түлік жеткізуге де атсалысуда. 2018 жылы жеткізілетін өнім көлемін 40% дейін арттырып, 66 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

Ерлан Қошанов Smart City жобасын іске асыруда бірлесе жұмыс істеуді ұсынды. Оның пікірінше, туризм, кәсіпкерлік және цифрлық технологиялар салаларында аймақаралық ынтымақтастықты дамыту қажет.

«Өткен жылы біз ЭКСПО - 2017 көрмесі аясында еліміздің барлық өңілерінен келген делегацияларды қабылдадық. Биыл өзіміз аймақтарға сапарлап жатырмыз. Елордалық ансамбльдер мен театрлар республика қалаларында өнер көрсетіп, мұражайларымыз өз көрмелерін ұсынуда. Біз сегіз аймақта болып, 52 меморандумға қол қойдық», - деді Әсет Исекешев.
null

Кездесу соңында тараптар аймақаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша келісім жасады. Астана қаласы және Қарағанды облысы әкімдіктері, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС мен Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы, «Астана Innovations» АҚ мен Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мұрағаттар басқармасы, «Астана» және «Сарыарқа» ӘКК арасында екіжақты меморандумға қол қойылды.

Астана әкімі Әсет Исекешев жұмыс сапары барысында Теміртаудағы ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығында болды. Сондай-ақ Қарағандының Maker құю-машина құрастыру зауытына және «Луч» нейрооңалту орталығына барды. 

nullnullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар