Астана және Алматы ХҚКО-ларында «Тілектер шыршасы» орнатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың Республика даңғылындағы және  Алматы қаласы Медеу аудандық ХҚКО-рында «Тілектер шыршасы» орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлері Аяз атаға арналған 3 пен 15 жас аралығындағы 60 баланың хатын жинады.

Жаңа жыл - сиқырдың, тілектер мен  қиялдардың орындалатын уақыты. Әр бала осы керемет сәтте жаңа жылдық ғажайыпқа лайықты. Халыққа қызмет көрсету орталығына келген кез-келген қызмет алушы мейірімді Аяз ата болып, баланың ізгі тілегін жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

Мәселен, төрт жасар Мұхаммед өзі жаза білмегендіктен, хатты анасынан жазып беруді сұрапты. Ол тәттілерді өте жақсы көреді және шанасы болғанын қалайды екен. Ал 14 жастағы Эльвина әдемі күртеше мен қысқы етік алғысы келетінін жазады.

Балалардың тілек хаттары ілінген «Тілектер шыршасы» акциясы 27 желтоқсанға дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін кез-келген тілек білдірушінің осы екі ХҚКО-рының біріне келіп, балалардың ізгі арманын орындау мүмкіндігі бар.

Соңғы жаңалықтар