«Астана - жаңа қала» АЭА жарты жыл бойы 257 млн теңге салық төлемеген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) жарты жылдың ішінде 257 млн теңге салық төлемеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша салық төлушілердің қосылған құн салығының, салық салынатын айналымы мөлшерін декларацияда толық көрсетпеуі анықталды. Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша салықтық жеңілдіктері бола тұрып, мерзімінде камералдық бақылаудың нәтижесінде мемлекеттік бюджетке қосымша 257,0 млн теңге салық өндіріліп алынды. Мемлекеттік бюджетке қосымша кірістер тарту жұмыстары жалғасуда»,- делінген Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаменті таратқан ақпаратта.

Камералдық бақылау - салық төлеушi табыс еткен салық есептiлiгiн, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негiзiнде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылау болып табылады.

«Астана-Жаңа қала» мемлекеттік кірістер басқармасында берілген салықтық есептілік нысандарына камералдық бақылау әдістерін қолдану негізгі назарда ұсталуда.

Салықтық есептілікті ұсыну және (немесе) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу арқылы салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық төлеушіге дербес жою құқығын беру камералдық бақылаудың мақсаты болып табылады.

Соңғы жаңалықтар